111 (Республиканский телефон доверия),
903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),
8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);
8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)
Болашақ бүгіннен басталады.
Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі болашақ. Сондықтан балабақша қабырғасынан-ақ жас бүлдіршіндерге қазақ тілін үйрету – бүгінгі күн талабы. Ашылғанына бір жылдан енді ғана асқан «Балауса» бөбекжай-балабақшасында да бұл бағытта жұмыстар жақсы жолға қойылып жатыр деуге болады. Әзірге бір ортаңғы топ пен екінші сәбилер тобында қазақ тілі сабағы өткізіліп жүр. Тілдері енді ғана шығып келе жатқан ( әсіресе, біздің балабақшада инклюзивті топтар бар екенін ескерсек) сәбиге бірден қазақ тілінде сөздік қорын қалыптастыру оңай емес екені де белгілі. Дегенмен түрлі
ойын элементтері арқылы балалардың қығушылықтарын арттыру жолында жұмыстар жүргізілуде. Тақырыптарға сай лексикалық минимуммен қатар, қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары ойнатылады. Түрлі ертеңгіліктерде балалар қазақша тақпақтар айтып, ән салып жүр. Бүгінгі күні алда келе жатқан үлкен мереке – Наурыз мейрамына орай дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалар асық ойындарын, Хан талапай, тақия тастамақ ойындарын ойнап қана қоймай, ол ойындардың қазақтың ұлттық ойындарына жататыны туралы біледі. Балалар Отан, Елорда,
Елбасы сөздерін жақсы түсінеді.
Мемлекеттік тілді үйрену тек балабақша қабырғасында ғана емес, сондай-ақ ата-аналармен бірлесе жүргізілетін маңызды іс. Сондықтан ата-аналар жиналыстарында, отбасылық қонақжайларда балалар ата-аналардың алдында қазақша тақпақтар айтып, ән салып, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыруға үлес қосылып жүр. Мұндай істер әлі де жалғаса бермек.