«Дені сау бала – дені сау ұлт»: таңғы жаттығу

02.07.2026

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында ұйымдастырылған «Дені сау бала – дені сау ұлт» денсаулық апталығы барысында «Балауса» бөбекжайында тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

Біздің балабақшада әрбір күн таңғы жаттығудан басталады. Бұл – балалардың сергек оянып, көтеріңкі көңіл күймен күнді бастауына, денсаулығын нығайтуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал ететін игі дәстүр.

Көңілді әуеннің сүйемелдеуімен тәрбиеленушілер дене жаттығуларын қызығушылықпен орындап, қимыл-қозғалыс белсенділігін, ептілігі мен төзімділігін дамытады. Күнделікті таңғы жаттығу балалардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттырып, белсенді өмір салтын ұстануға баулиды.

Просмотров: 2204

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу