«Мен өскенде кім боламын?»

02.07.2026

Серуен барысында балабақша тәрбиеленушілері мамандықтар әлемі туралы әңгімелесіп, болашақта кім болуды армандайтындарымен бөлісті.

Кейін балалар түрлі-түсті бормен асфальтқа өздерінің армандаған мамандықтарының суреттерін салды. Суреттерде өрт сөндіруші, шаштараз, тігінші, дәрігер, мұғалім және басқа да көптеген мамандық иелері бейнеленді. Әр бала өз таңдауы туралы айтып, бұл мамандықтың қоғам үшін маңызын түсіндірді.

Осындай әңгімелер мен шығармашылық жұмыстар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ересектердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелейді және болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырады.

Просмотров: 1995


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу