«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балауса» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

                     

111 (Республиканский телефон доверия),

903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),

8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);

8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы бастамалары – жаңа серпін.

06.03.2018

Елбасы

бастамалары – жаңа серпін

Наурыз айы жағымды жаңалықтармен басталды. Берекелі айдың бірінші жұлдызында Алғыс айту күнін атап өтсек, тәуелсіздігіміздің тамырын тереңге жайдырған жылдар ішінде өз

бастамаларын қолдап келген Халқына зор алғысын білдірген біздің Елбасымыз күні

кеше әлеуметтік бағыттағы 5 бастамасын жария етті. Елбасы «Тәуелсіздігіміздің

26 жылы ішінде күш пен қаражат жинадық, енді бізді қоғамымыздың әлеуметтік

бірлігін нығайтуға күш жұмсайтын уақыт жетті»,- деп тоқталды.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әлеуметтік жаңғыртудың бес бастамасын көрсетіп беріп отыр. Енді

қазақстандық отбасыларға баспаналы болудың жеңілдетілген жағдайлары қарастырылып, пәтер алу мүмкіндіктері артпақ. Бұл бастаманы жүзеге асыру жолында құрылыс қарқын алып, қосымша жұмыс орындары ашылатын болады. Бұл әрине, қуанышты жайт.

Президенттік бес әлеуметтік бастама халықтың әл-ауқатын жақсартуды жан-жақты қамтып отыр. Еңбекақысы төмен жұмыскердің салық жүктемесінің төмендетілуі есебінен жалақысы

көбейетін болады. Ел ертеңі – жастарымыздың жоғары білім алуына да жаңа

жағдайлар қарастырылмақ, сондай-ақ аймақтарды газдандыру арқылы еліміздің

экологиялық мәселелері шешіледі деп күтілуде. Ал жаппай кәсіпкерлікті дамыту

бойынша жүргізіліп жатқан жүмыстар аясында жеңілдетілген шағын несиелеу қолға

алынбақшы.

Мұндай батыл бастамалар еліміздегі әлеуметтік бағытқа жаңа серпін беріп, қоғамымыздың

гүлденуіне, қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімінің арта түсуіне зор үлес қосатынына сеніміміз мол.  

 

Саулеш Шапауова,

«Балауса» бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі мұғалімі

 

Просмотров: 323


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст