«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балауса» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

                     

111 (Республиканский телефон доверия),

903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),

8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);

8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі.

07.09.2020

Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Сондықтан тәуелсіздік тамырын тереңге жайып, еліміздің мәңгілік іргетасын нығайту жолында тіліміздің де алар орны зор. Өйткені, тіл – тәуелсіз еліміздің іргетасы. Жер бетіндегі кез-келген ұлттың мәңгілік болып қалуы – ана тілінің, ұлттық тілінің сақталып қалуы болып табылады.

Халқымызбен бірге тіліміз де тәуелсіздік алып, мәртебесін көтергенге дейін талай қиындықтардан өтті. Енді, міне, тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Бұл, әрине, ұлты, жүрегі қазақ халқы үшін мақтанарлық жайт. Сондықтан қазақ тілін мақтан тұта отыра, оның одан әрі дамып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясының кеңеюіне, оны барша қазақстандықтардың құрметтеуіне барлығымыз атсалысуымыз қажет.

Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді үйрету жақсы жолға қойылған. Балалар 3 жастан бастап қазақ тілі сабағында мемлекеттік тілді үйреніп жүр. Балаларға күнделікті қолданылатын сөздерді үйретіп қана қоймай, қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырып жүрміз. Өйткені, халықтың ұлттық тілі оның мәдениетімен, тарихымен ұштасып жатқан дүние. Сондықтан қазақ тілі мұғалімдерінің басты міндеті тек тіл үйретіп қана қоймай, қазақ халқымен таныстыру арқылы еліміздің болашағын, бүгінгі жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет.

Қазақ тілі – өте бай тіл! Қазақ тілінде жазылған қаншама құнды шығармалар, жан жылытар жырлар бар. Қазақ халқының бойына сіңген ата-бабаларымыздың тәрбиесі, үлгі-өнегесі біздің осы күнге жетуімізге себепкер болғаны анық. Сондықтан қазақ тілін – мемлекеттік тілді біліп, құрметтеу – әр қазақстандықтың борышы. Бір ғана мысал, әлемге танымал Ұлы Абайдың шығармаларында қаншама даналық пен тәрбие жатқанына бәріміз куәміз. Олай болса, «қазақты білгің кесе, Абайды оқы!» деп бекерге айтылмаса керек.

Бүгінгі күні мәңгілік еліміздің мәңгілік тілінің шүбәрланбай, таза болуына жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Мұхтар Әуезов былай деген: «Қазақтың тілі – осы жердің кілті. Тілді білген адам қолына осы жердің кілтін де алады». Осы елдің, осы жердің кілтін қолымызға алып, мәңгілік еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін барлығымыз үлес қосайық!

Сәулеш Шапауова, Степногорск қаласы «Балауса» бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі мұғалімі

Просмотров: 330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст