«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балауса» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

                     

111 (Республиканский телефон доверия),

903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),

8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);

8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазда суға шомылу

10.06.2020

Шомылу – ең жақсы шынықтыру құралы.

Ашық су тоғандарында екі жастан бастап суға шомылуға болады. Шомылатын орынның суы тайыз, ағынсыз және түбі тегіс болуы тиіс. Баланы өздігінен суда шомылуға жібермес бұрын су түбінде ордың, өткір тастардың жоқ екендігіне көз жеткізіп алу керек. Суда міндетті түрде ересек адам бірге болуы тиіс.

Есте сақтаңыздар! Осы талаптарды орындау арқылы балаңыздың суда қауіпсіз дем алуын қамтамасыз ете аласыз:

  • тек рұқсат етілген орындарда және ересек адаммен бірге шомылу қажет;
  • таныс емес жерлерде шомылуға болмайды – судың түбінде бөрене, тастар, металл қалдықтары, шыны, т.б. болуы мүмкін;
  • балдыр басқан жерлерде шомылуға болмайды;
  • суда жүрген қайыққа, т.б. құралдарға тіркелуге болмайды;
  • дауылды жел күндері суға шомылуға болмайды.

Шомылу кезінде мына ережелерді қатаң сақтау керек:

  • аш қарында және тамақ ішкеннен кейін 1 – 1,5 сағат өтпей суға түсуге тыйым салынады;
  • судың ішінде бала үнемі қимылда болуы тиіс;
  • қалтырау кезінде бірден судан шығару керек;
  • қызған денемен бірден суық суға түсуге болмайды.
Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст