«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балауса» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

                     

111 (Республиканский телефон доверия),

903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),

8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);

8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» МКҚК мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылғы есеп

23.02.2023

1. Жалпы ережелер

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Заңды мекенжайы: Степногорск қ., 9 шағын аудан, №4 ғимарат.

                                          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

         2022 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» МКҚК көрсетілген мемлекеттік  қызметтер саны – 99.  

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қызметтер көрсетілген жоқ.

Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу жолымен көрсетілген («Электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 99 қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

                                          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, «Балауса» бөбекжайы білім беру саласында 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. 403002 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» – 99;
  2. 803014 «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау» - 0.

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат http://ds0008.stepnogorsk.aqmoedu.kz/ ресми интернет ресурста орналастырылған, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» МКҚК ақпараттық стендте жалпыға қолжетімді орындарда орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):

2022 жылы ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:     

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Балауса» бөбекжайы Аkmola.kz. бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. «Балауса» бөбекжайы жүйесінде «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» автоматтандырылған мемлекеттік қызметі іске асырылады.

Сондай - ақ, 2021 жылдан бастап «Балауса» бөбекжайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ АЖО ММ жүйесі жұмыс істейді.

                                          Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

                                          Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3 қызметкер қызмет көрсетеді.

                                           

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

 

                                           5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оныңсапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында "Балауса" бөбекжайында жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. 

 

 

Басшы                                    

Б. Калайдарова

 

 

Орынд. А. Әбілғазы

Тел. 5-57-60

 

Просмотров: 231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст