111 (Республиканский телефон доверия),
903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),
8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);
8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)
Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі өткізіп жатқан Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған шарадан біздің мекеме ұжымы тыс қалмады. «Қазақ тілінің білгірі» қалалық онлайн байқауына біздің «Балауса» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Ева Калюжная қатысып, өзінің мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетті. Таныстыру және мемлекеттік тілде мәнерлеп оқу сайысында бес жасар бүлдіршініміз Ева өз балабақшасы, сүйікті ісі, отбасы туралы мемлекеттік тілде әңгімелеп, М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп айтып берді.
Саулеш Шапауова,
«Балауса» бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі мұғалімі